Tasuta

Қызыл кітап

Tekst
Märgi loetuks
Šrift:Väiksem АаSuurem Aa
 
Зообақта ұстаған папуасты!
 
 
Жіберілген «жігіттер» əскер үшін
Мəз қылам деп Париждің жас перісін,
Тірідей-ақ
Парикке лайықтап
Үндендердің сыпырған бас терісін.
 
 
Күні бітсе құндыз бен құнулардың,
Ешқандай да қақы жоқ бұғуға ардың.
Сөйте тұра
Фашистер
Төсек үшін
Бұрымдарын қырыққан сұлулардың.
 
 
Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы,
Қара жердің жотасы алаулайды.
Орта ғасыр өткенмен
Кейбір елде
Адамдарды, бауырым, əлі аулайды!
 
 
Ысқырғанда құлдықтың қамшылары,
Белгілі ғой кімнен қан тамшылары!
Аңдып жүріп атады
Зəңгілерді
Ку-клукс-кланның аңшылары!
 
 
Бас орнында демесең,
Шаш орнында.
Өмірге аян мықтың да,
Нашарың да.
Африкалық бір король
Өз елінің
Премьерін жеп қашқан қашарында!..
 
VII
 
Мына қыры қазақтың,
Ана қыры
Қызыл қырман бүгінде,
Қала бірі.
Қайда кетті,
Кім маған айтады енді
Атыраудың құланы –
Онагры?!
 
 
Жер айтады осылай,
Күн айтады,
Күн айтады,
Көңілді мұңайтады.
Ақтөбеде бір кезде піл болғанын
Кім біледі бүгінде?
Кім айтады?!
 
 
Айла көп-ті адамда,
Айла көп-ті.
Айласына талайды айғақ етті.
Қылыш тісті жолбарыс –
Жерлес біздің
Айтыңдаршы, ағайын,
Қайда кетті?!
 
 
Жатыр дейсің жаратқан кімді ескеріп.
Құртты ма əлде өзара күндес бөрі?!
Ажары еді Даланың,
Қайда кетті,
Қайда кетті қазақы жүндес керік?!
 
 
Іздеймін мен əр бұта,
Əр талымды.
Момынымды,
Тентегім,
Арқалымды.
Кім қайырып береді кваганы?
Кім қайырып береді тарпаңымды?!
 
 
Нысанаға мықтап бір ілінгенге
Тіршілік жоқ…
Дүние бүлінген бе?!
Құмырсқалар құрыса,
Оның орнын
Толтыруға болмайды піліңмен де!
 
 
Қуанышын,
Қайғысын,
Мұңын көріп,
Жылжып жатыр осылай күн ілгері.
Мамонт қана емес қой
Опат болған
Жетіп жатыр мамонттың інілері!
 
 
Жарқырап-ақ тұрғанда көктем нұры,
Қасірет пен қайғының жеткен бірі.
Хайуанаттар ғана ма зəбір көрген,
Хайуанаттар ғана ма кеткен құрып?!
 
 
Жер астынан аң табар,
Балық табар.
Сонда қанша сыр жатыр анықталар?!
Дронт құсап кəдімгі
Ізім-ғайым
Жоқ боп кеткен ел де бар,
Халық та бар!
 
 
Кімде кінə, бауырым,
Кімдерде айып?!
Кімдер одан сорлады,
Кімдер байып?!
Хайуанаттар түгілі
Дүниеде
Ұлттар ғайып болыпты,
Тілдер ғайып!
 
 
Құлпытастың ежелеп оқыр үстін
Ғұламалар басында отыр істің.
Таңба ғана,
Тас қана!
Тілі де жоқ,
Өзі де жоқ бүгінде этрустың!
 
 
Бір кездерде шаңдатып айна көкті,