Loe raamatut: «СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР»

Font:

Редактор Надия Ахметзияевна Абдрахманова

Верстка, дизайн, публикация Мухтар Муратович Абдрахманов

Корректор Данияр Муратович Абдрахманов

© Мұрат Әбдірахманов, 2020

ISBN 978-5-0051-6264-9

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

САҒЫНЫШ САЗЫ

Болат Бодаубай. АЛҒЫ СӨЗ

Халқымыздың тарихында есімдері елге мәлім, кейінгі ұрпақтар үлкен алғыспен, сый-құрметпен еске алатын белгілі тұлғалар аз емес. Солардың бірі 1706 жылы дүниеге келіп, 1778 жылы қазіргі Ақмола облысының Ерейментау өңірінде өмірден озған (ҚСЭ, 11 том, 1977 ж.), қазақ әдебиетінің жыраулар поэзиясында өзіндік орны бар Үмбетей Тілеуұлы дер едік. Оның өмір сүрген уақыты – сол кездегі бабаларымыз елі мен жерінің азаттығын, бостандығын сақтап қалу үшін жан аямай күрескен, егеулі найза қолға алған азаматтары күн-түн қатып ат үстінен түспеген, қауіп-қатерлі, аумалы-төкпелі, сын-сынаққа толы заман еді. Халқымыздың қас батыры Қанжығалы Бөгенбайдың жорықтардағы, сан шайқастардағы сенімді серігі, жалынды жыршысы болған Үмбетей жырауды ел-жұрты «Жорық жырау» деп те атандырған. Осы кітапшаға өзінің, өмірдегі жора жолдастарының, қызметтес-әріптестерінің арнау өлеңдері кірген Мұрат Мұсайбекұлы Әбдірахманов (1938—2015) сол Үмбетей жыраудың тікелей алтыншы ұрпағы.

Үмбетейдің атағы он сегізінші ғасырда қазақ халқына кеңінен жайылған-ды. Ол өзінің жалынды жырларымен ел-жұртымызды ата-бабадан қалған асыл мұра – ұлан байтақ жерімізді ешбір жауға бермеуге, көзіміздің қарашығындай сақтауға, басқыншылардан тазартуға, кейінгі ұрпаққа сол қалпында, аман-есен аманаттауға үндеді. Өкінішке орай ол замандағы Бұқар, Ақтамберді, тағы басқа жыраулардың шығармалары сияқты Үмбетейдің жырлары да бізге толық сақталып жеткен жоқ. Біздерге жеткен «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бұқарға», «Бекболат биге» сияқты өлеңдерінде әділеттілік, адамгершілік, өмірдің мәні сияқты адам бойындағы қастерлі қасиеттерге мән берілсе, «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» сияқты жырларында Бөгенбай батырдың өмірдегі ерлік істері туралы баяндалады, «Жантай батыр» дастаны мен Абылай хан туралы толғауында халқымыздың қалмақ басқыншыларына қарсы қаһармандық күресі бейнеленеді.

Осындай текті атаның ұрпағы болудың ер азаматтың мойнына артатын жүгінің, самағының да аз болмайтыны түсінікті. Ол өзінің тіршілігімен, ісімен сол ата-бабаларының есіміне лайық өмір сүре алса – зор ғанибет, өмірдегі парызын адал орындағаны. Мұрат Әбдірахманов сондай биіктен көрініп, сондай сенімнен табылған елге сыйлы, абыройлы азамат еді. Бұған оның өмір жолын қысқаша шолып өтсек те көз жетеді. Қарағанды педагогикалық институтын үздік бітіргеннен кейінгі оның еңбек сапары Павлодар педагогикалық институтындағы ұстаздық қызметпен жалғасты. «Асыл кездік қап түбінде жатпайды» дегендей, жас жігіттің білімділігі, ізденгіштігі, ой-өрісінің кеңдігі байқалмай қалмады. Ол облыстық партия комитетіне лекторлық қызметке шақырылды. Кешікпей лекторлар тобының жетекшісі болды. Одан соң облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімі басшысының орынбасары қызметіне жоғарылатылды. Бұдан кейінгі жылдарда Павлодар облыстық телерадио комитетінің төрағасы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы сияқты жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Осы жылдардың бәрінде көпшілікке сыйлы болды. Әрдайым қиналғандарға көмек көрсетуге, адамдарға қол ұшын беріп, жақсылық жасауға дайын тұрды. Жастарымызды еліміздің патриоты, халқымыздың тарихын, тілін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білетін, қадірлейтін отансүйгіш азаматтар етіп тәрбиелеуге барынша күш салды, елеулі үлес қосты. Зейнетке шығар алдында, шыққаннан кейін де біраз жыл Павлодар облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқарды. Кейінірек Астанаға қоныс аударған соң қалалық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы болып қызметін жалғастырды. Қазақ тілінің беделі, мерейі өсуіне елеулі үлес қосты.

Мұрат өзінің өмірінде өлең жазуды, оны газет-журналдарда жариялап, ақын болуды мақсат етпеген. Өлеңді ол өмірдегі шиыршық атқан сындарлы сәттерде, қатты қапа болғанда немесе қуанғанда, кейбір мерекелер мен достарының мүшел тойларына ғана арнап жазған. Осы шағын жинақтан Мұраттың шынайы жан сыры, рухани әлемінің байлығы, мейірбандығы, азаматтығы айқын көрінеді. Осыдан көптеген жылдар бұрын Қазақстанда жерді шетелдіктерге сату-сатпау туралы мәселе көтеріліп, халықтың ашу-ызасын тудырған кездегі Мұраттың күйініп отырып жазған өкінішке толы өлеңін осы күні де тебіренбей оқу мүмкін емес.

Жер сату – Отаныңды сатқанмен тең,

Алтын ай, Күміс күнің батқанмен тең.

Айрылып Жер Анадан аялаған,

Баяғы құлдығыңа қайтқанмен тең.

Жер сату – өз анаңды сатқанмен тең,

Қарғысы қас дұшпанның атқанмен тең.

Жеріңді алған алпауыт байсымақтың

Босағасын күзетіп жатқанмен тең… – деп басталатын өлеңі бүгін де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Немесе Мұраттың осы жинаққа кіріп отырған «Жаңаөзен толғауын» алайық. Мұнда да өзекті өртеген өкініш, күйініш. Жаңаөзенде өздерінің азаматтық құқығын қорғап, наразылық акциясына шыққан жұмысшыларға оқ атып өлім құштырған қатыгездікті, билікті айыптайды. «Не сұмдық – азаматты атып тастау, құқығы үшін күрескен өндірісте» деп назаланады. Бұл өлеңдерден Мұраттың аса биік азаматтық болмысы айқын көрінеді. Өзінің өмірлік жары Нәдияға арналған өлеңі де сезіміңді селт еткізбей қоймайды.


Болат БОДАУБАЙ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

ӘР ТАҚЫРЫПҚА АРНАҒАН ӨЛЕҢДЕР


ЖЕР САТУ ТУРАЛЫ

 
Жер сату – Отаныңды сатқанмен тең,
Алтын ай, Күміс күнің батқанмен тең.
Айырылып Жер Анадан аялаған,
Баяғы құлдығыңа қайтқанмен тең.
 
 
Жер сату – өз анаңды сатқанмен тең,
Қарғысы қас дұшпанның атқанмен тең.
Жеріңді алған алпауыт байсымақтың,
Босағасын күзетіп жатқанмен тең.
 
 
Жер сату – өз үйіңді сатқанмен тең,
Дүние – пайдасы не, болғанмен кең.
«Жерұйық» – Асан бабам қойған атын,
Қалар болып бір сәтте-ақ бөтен мекен.
 
 
Жер сату – өз ұлыңды сатқанмен тең,
Күшігін аш бөріше қапқанмен тең!
Өспей жатып, өшіріп бар үмітін
Келешегін балтамен шапқанмен тең.
 
 
Жер сату – жан-жарыңды сатқанмен тең,
(Боларын ол да осылай сезген бе екен?)
Ел-Ана, Ару-Ана, әлди қызың,
О дағы «жезөзекше» боп кетер ертең.
Жер сату – жан-жарыңды сатқанмен тең.
Махаббатын аяққа басқанмен тең.
Намыс, кек, ар-ұяттан ада болып,
Күйігін өкініштің татқанмен тең.
 
 
Жерді сату – досыңды сатқанмен тең,
Асыл жанды өзіңе пейілі кең.
Бар асылды сатқандай не көрінді,
Мәреміз бе бүгінде осы жеткен.
 
Кереку.2003ж

О ЗЕМЛЕ

 
Торговать родной землею – значит Родину предать,
Золотистый месяц ночи, дня сиянье потерять!
Потеряв родную землю, что взлелеяли отцы,
Будем нищими рабами, прятать взгляд как беглецы!
 
 
Торговать родной землею – все-равно, что мать продать,
Все-равно, что все проклятья своего врага принять.
Где вчера ты мог так гордо по земле своей шагать,
Завтра будешь у порога чьи-то крошки подбирать.
 
 
Торговать родной землею – это как продать свой дом,
Не смотри, что мир огромный, для чужих нет места в нем!
Жеруйык, – назвал когда-то край родной Асан Баба,
Но нигде не будет рая для изгоя и раба!
 
 
Смотрит сын с улыбкой в небо и не ведает пока,
Что голодный волк вонзает зубы в своего щенка,
Что уже топор заточен чьей-то жадностью слепой,
Чтоб срубить росток надежды равнодушною рукой!
 
 
Кто своей землей торгует – продает сестру родную,
Ту, что к сердцу прижимала, берегла и согревала.
И не думала святая, нас качая на руках,
Что продать ее готовы на утеху чужакам!
 
 
Торговать своей землею – как жену свою продать,
Что детей твоих растила и всегда тебя ждала.
Растоптать любовь, на деньги честь и совесть променять.
Сердце деньги не заполнят, боль с годами не унять!
 
 
Торговать землей сравнимо с тем, что друга ты продал,
Кто делил с тобой невзгоды и предательства не ждал!
Сотни лет хранили предки землю словом и мечом,
Кто же мы, чего достойны? – степь родную продаем!
 
(перевод на русский язык Марата Муратовича Абдрахманова, 2003 г.)


ҮМБЕТЕЙ БАБАМА АРНАУ

(28 08 2010 жылы Ерейментау қаласында Үмбетей жыраудың мүсінін орнату рәсімі өткізілді. Сол маңызды күнге «Үмбетей бабама арнау» деген өлеңін Мұрат (марқұм) халық алдында оқып берді.)

 
Үмбетей баба болды-ау жүрген ұшып…,
Қонуға келе жатқан жерін құшып,
Бөкең ерді көргенде тұлпар мінген,
Жайғасқан тұғырына көктен түсіп.
 
 
Сол мезетте Кәрітау жатқан мүлгіп,
Селт еткендей көрінді «Үмбетейлеп».
Ақдін таудан қол жайып Асан Қайғы,
Тұрғандай «Ереймен ел жасай бер» деп.
 
 
Бар тіршілік бұларға мойын бұрып,
Тыңдағандай дүбірді құлақ түріп.
Аң мен құс ойнақ салып маңайдағы,
Толықсиды өзен, көл тұрған тұнып.
 
 
Табиғат сол мезетте бір құлпырып,
Қуанышқа қосылып тұрды күліп.
«Ақтабан-шұбырынды» құрбандары,
«Тәуба» десті игі іске дүр сілкініп.
 
 
Үмбетей Бөгенбаймен тізе қосып,
Соққы берген жауына жолын тосып.
Атанған «жорық жырау» ел ішінде
Абылайдың алдында мерейі өсіп.
 
 
Намыс отын ерлердің кекке жанып,
Жасын жырмен жүрекке берген жарық.
Ерлігін Бөгенбайдың дастан қылып,
Қалдырған шежіреде жырмен жазып.
 
 
Жантайға келер ұрпақ масаттанып,
Жырға қосты жүрсін деп үлгі алып.
Бес жүз қолмен он мынға ойран салған,
Артынан қашқан жаудың қуып барып.
 
 
Кейде азамат ісіне қайран қалып,
Келеңсіз мінезіне жүрді налып.
Терең ойлы, уытты жырларымен,
Тыюшы еді тентекті тезге салып.
 
 
Ел-жұрты Ерейменнің риза болып,
Мереке жасап жатыр көңілі толып.
Бабаның Ұлы тойын ұлықтауға,
Сауын айтқан маңайға түгел шолып.
 
 
Хас-батыр – ердің ері туған асып.
Қанды көйлек досымен тұр жарасып.
Әруағын қос алыптың аспандатқан,
Ұрпағы жасай берсін нұры тасып!
 
 
Киелі бұл өлкемді,
Тарихы терең бойлаған.
Бөкең жаудан қорғаған,
Үмбетей қосып жырына,
Ерлерді ерен қолдаған.
 
Кереку-Ерейментау, 28.08.2010 жыл.

ПОСВЯЩЕНИЕ УМБЕТЕЙ ЖЫРАУ

Умбетей, с небес спускаясь,

Чтоб земли родной коснуться,

Вдруг увидел Богембая

На тулпаре иноходце.


Умбетей-батыра имя

Каритау пробуждает,

И Асан баба с Агдына

Край родной благословляет!


И встречая двух героев

Обернулось все живое,

Забурлило, заиграло

Полноводною рекою!


Как красавица весною

Степь рассыпала цветы.

Спите, павшие герои

В Актабан Шубырынды.


Два батыра, став преградой,

Бились, жизни не жалея,

Встал с тех пор достойно рядом

С Аблай-ханом Умбетей!

Чтоб сражались и любили —

Петь, сердца воспламеняя!

Чтобы с годами не забыли

Светлый подвиг Богембая!


Чтоб в веках жила поэма,

Как всего пятьсот аргынов

Десять вражеских туменов

В бегство обратить сумели!


Честь батыра защищая

Пал Жантай, но стал преданьем!

Умбетей словами песни

Уберечь не смог Жантая!


И сегодня два героя

Стремя к стремени стоят,

Как всегда, готовы к бою,

Как и 300 лет назад!


Пышный праздник сквозь столетья

Возвращает нас к истокам,

Уваженье к славным предкам

Открывает путь потомкам!

(перевод на русский язык Марата Муратовича Абдрахманова)

ЖАҢАӨЗЕН ТОЛҒАУЫ

(«Жорық жырау» Үмбетей баба мақамымен)


(Теледидардан Жаңаөзеңде болған уақиғаны көрсеткенде, Мұраттың жүрегі қан жылап, өз-өзін қайда қоярын білмей, компьютерге отырып, осы өлеңді жазған еді…)

 
Жүрегім қан жылайды Жаңаөзен деп,
Іште жалын, өкініш барады үдеп.
Желтоқсан қазағыма ауыр болды-ау,
Қайта соққан сұрапыл дауылдай боп.
 
 
Зарлайды жетім-жесір: «Бұл несі? – деп, —
Қырғаны өз қандасын қару кезеп».
Бұйырған – атындар! – деп боздақтарын…,
Жендетті көк соқсын деп, ыза кернеп.
 
 
Жалған хабар жеткізген Елбасыға,
Үкімет те бұрынғы бәз қалпында.
Оқ атқызған халыққа министрлер,
Тобырдың биліктегі нық сапында.
 
 
Арманда кеткендердің орны толмас,
Аза жүрек жарасы еш жазылмас.
Не сұмдық – жазықсызды жер құштыру,
Мұндай күнә ешқашан ұмытылмас.
 
 
Алапат күш, тойымсыз – өлім тажал.
Бейбіт күнде, қапыда сепкен ажал.
Не сұмдық – аруларды мазақ етіп,
Тәнін, жанын қорлаған неткен амал.
 
 
Сайлауда одан кейін «біз жеңдік» деп,
Шенеуніктер секіріп жүрді билеп.
Масайрасып баршасы әнге басты,
«Жеңісінің» қол жеткен күйін күйлеп.
 
 
Мәжіліске кім келді депутат боп,
Өндіріс пен шаруадан бір адам жоқ.
Жөн айтарлық ішінде жан шамалы —
Ел қадірін білмеген баяғы топ.
 
 
Түсінбедім, шынында бұл жеңіс пе?
Дұшпан кім, кімді жеңдік осы істе?
Не сұмдық – азаматты атып тастау,
Құқығы үшін күрескен өндірісте.
 
 
Асылдарға ізгі жан болар жолдас,
Ақтаған жазалыны пенде оңбас.
Еске түссе арыстар қыршын кеткен,
Қос жанардан еріксіз парлайды жас.
 
 
Елбасы, жіті қара, жан-жағыңа,
Жүгің ауыр, мөлшерле, салмағына.
Кешірер ме халықың, кек сақтамас,
Тындырсаң игілікті іс ел бағына.
 
 
Ауыздықта маңдағы жемқорларды,
Қайтарып бер халыққа жер-қорларды.
Байыса ел – болашақ жарқын болмақ,
Тентекті тый, аласта қорқауларды.
 
 
Ауыл отыр бүгінде тиын санап,
Дүние-мүлкін кезінде алған талап.
Болашақтан үмітін үзбе оның,
Жүргенде оң істерді Сізге балап.
 
 
Жастарға жаса түгел жақсылықты,
Жел өтінде әр кезде ол тұрыпты.
Жаңаөзеннің сауалын сұрайды ма?
Ереуілдеп алаңда сап құрыпты.
 
 
Банкті тый халықты тонап жатқан,
ЖОО-лар көп шәкіртке білім сатқан.
Қысқарт, азайт бәрін де тез арада,
Құтқар елді бәледен толып жатқан.
 
 
Орнына қой келімсек байсымақты,
Оларың бар қазынаны басып апты.
«Иесі жаман болса қонақ билер», —
деген сөзді бабалар несіне айтты.
 
 
Жұмыс көп қой ертеңгі атқаратын,
Елің аман алдыңда басқаратын.
Десек те, уақыт сынап, ғұмыр қысқа,
Мезгіл бар ма кейінде ойланатын.
 
 
Балта шап, түбіріне кландардың,
Санасын уландырған ұландардың.
Үш Жүздің басын қоссаң бір ұядай,
Есімің есте қалар ұрпақтардың.
 
Мұрат Үмбетейтегі. Астана қ. 2012 жыл

Tasuta katkend on lõppenud.