Loe raamatut: «Қаншыр мен бөдене»

Font:

Қаншыр мен бөдене

 
Бір қаншырға айтыпты бөдене кеп:
– Сен үшін қатты уайым қыламын, –  деп, –
Солаңдаған байғұсың ұшуға олақ,
Бір күні кетеді ғой тұрымтай жеп?
 
 
Қаншыр айтты:
– Қаупім жоқ тұрымтайдан,
Шықпаймын қалың қамыс, қопа-сайдан.
Мен сендей жалтаң жерге оттамаймын,
Тығылған соң мені алып жейді қайдан?
 
 
Бөдене айтты:
– Қамысың тыныс емес,
Босқа арықтап жүргенің дұрыс емес.