Loe raamatut: «Қарт кісінің құпиясы», lehekülg 3

Font:

Екі ай госпитальде жатып шықтым. Құдайға аман қалдырғанына «рахмет» айтып үйге оралдым, – деп құюлы тұрған самогонды сіміре салып, командирім əңгімесін онан əрі жалғастырып кетті. Үйге келіп Танюшаммен қауышып жаттым. Кəрі шешемнің де қуанышында шек болмады. Əкемді жерлегеніме жыл боп қалғанды. Өзімде қуаныштан жарыла жаздадым. Соғыс болса бітті. Ел тыныш жұрт аман. Болашақта осы Танюшаммен тыныш қана бейбіт өмір сүре беремін деп ойладым. Алайда, мені алдымда тағдырдың тағы да бір таудай тауқыметі күтіп тұрғанын білмеппін. Танюшаммен оңаша қалып аймалап сүйе бастадым. Сағынышым кеудемді кернеп қанша сүйсем де, қауқарым қимылдауға жетпеді. О баста аса қатты қорқа қоймадым. Уколды шамадан тыс қабылдағаннан осындай жағдайлар болып тұрады дегенді естігенім бар еді, содан көрдім. Алайда, менікі мүлдем басқаша болды. Бел омыртқамда қалған мина сынығын алуға медицинаның қауқары жетпеді. Алдырсам екі аяғымды басалмай мүгедек боп қалуым мүмкіндігін алға тартты. Уақыт өте келе белсіздігім байқалып өз болмысыма анық көзім жетті. Қайғыдан қан жұтып ұйқысыз таңдар атырдым. Танюшамды құшақтап алып түнімен өксіп жылап шығатынды шығардым. Өмір сүруге деген қызығушылықтан қалдым. Жасаудың мəні жоқ деп шештім. Сол мина жарылғанда «неге аман қалдым» екен деп налып атылып өле салғым келді. Бірақ… Бірақ, мені Танюшамның бір ауыз сөзі тоқтатты. «Сен өлсең, мен де өлемін, сен менікісің, мен сенікімін, сені тастап ешқайда кетпеймін, мен үшін өмір сүрші» деп жылады. Содан жайлап бəріне де бойым үйрене бастадым. Жұмысқа шығып өмірге қайта араласа бастадым. Мен тым болмаса Танюшам үшін өмір сүруім керек деген тоқтамға келдім.

Ал енді ең бастысы сен менің Танюшама ұнадың. Сол үшін де сені оқу жаттығулардан азат еттім. Сенің басқалармен тіл табысқаныңның, сөйлескеніңнің қажеті жоқ. Сен азиатсың, оның ішінде қазақсың. Сен жайлы барлық ақпарды жинадым. Қазақ ұлты жайлы оқыдым. Жылқы тектес жаугер, батыр халық. Соғыста да азиат қазақтармен бірге болдым, сатпайтын да, сатылмайтын да халық. Сол үшін де Танюшамды саған тапсыруды жөн көрдім. Енді сен менің отбасымның бір бөлшегісің. Саған сенгенім болсын осы əңгіме осы жерде қалатын болсын. Қанекей бер қолыңды, көтер басыңды, сен енді менің бауырымсың, азиат ! – деп қолын ұсынды. Басымды жұлып алдым да көзіне тік қарадым. Сонда ғана командирімнің көзінен тамшылап, үзіліп тұрған жасты көрдім. Жүрегім езіліп кетті. Басымды изей бердім. Ол болса соңғы кружканы құйып көтеріп салды да, Танюшаға киімдерімді əкел дегендей ишара білдірді. Орнынан тұрып киіне бастады. Белдігін байлап жатып соңғы сөзін тағы қайталады. Азиат, Танюшамды саған тапсырдым. Осы əңгіме осы есіктен шықпасын. Ал енді мен кеттім. Сен осында түнеп шық. Таңертең стройда бол деп сарт еткізіп жерді теуіп честь берді де, шығып кетті. Соңынан жүгіріп Танюша кетті. Мұңға батып мен қалдым. Ойға шомып ауылда қалған шешем мен екі бауырымды ойладым. Соңы не болатынын байқай алмай, аңтарылып біраз отырдым. Тек командирімді шығарып салып келіп, еркелеп мойныма жабысып тіземе отыра кеткен Танюшам ойымды бөліп жіберді. Шошып кеттім. Өзімнен өзім жиіркене бастадым. Бұлай жалғаса беруі мүмкін еместігін айттым. Басымды ала қаштым. Танюшамды итеріп тастап шығып қаша жөнелдім. Жылағанына да қарамадым. Айқайын да тыңдамадым. Бөлімшеге барып жаттым да, ойға кеттім. Ұйықтай алмадым. Құрғыр мен болмасам басқа біреуді табатынына күмəнім болмады. Танюшадай сұлуға кез келген еркек құмар екенін ойладым . Ойладым да ішімді «қызғаныш» атты қызыл ит тырнап қайта келдім. Енді бұрынғыдай аяқты жəй басып ұрланып емес, байы сияқты тарсылдатып тұрып есікті теуіп келдім.

– Келетініңді білгенмін, – деп мойныма асыла кетті. Көтеріп алған күйі ішкі бөлмедегі төсекке тартып ұрдым. Бұл рет батыл қимылға көштім. Көңілімде «байы кеп қала ма» деген қорқыныш болмады. Баяу қимылдап ерікті Танюшаға бердім. Асықпадым. Ыңғайына бейімделіп бөксесін қысып қос анарын аймалап сүйіп жата бердім. Оңды – солды баяу ырғақпен бірде ернімді сүлікше сорып, бірде көкірегіме шашын жайып салып, бірде мойнымды тістеп, бірде шашымнан ұстап тартып Танюшам көгін алып шыңғыра құлап, сұлық түсті. Осы сəттен бастап мен командирімнің отбасының ажырамас бөлшегіне айналдым…

Бұл кезде менің жаңа бөлімшеге барғаныма алты ай болған еді. Үйден кеткеніме жылға жақындап қалған кез. Ауылдағы шешемнен алғаш рет хат келді. «Амансың ба құлыным?» деп басталған хат «көріскенше күн жақсы балам» деп аяқталыпты. Шешемнің сауат ашпағанын білем ғой, бұл хатты бауырларымның бірі анамның айтуымен жазғанын ішім сезіп тұрды. Тек хат арасында: «Балам, сұрапыл соғыс біраз азаматтарымызды алып кетті ғой, байсыз қалған қатындардың қасында қалып кетпеші, ұзын шұбақ келеңсіз түстер көрдім» деп жазыпты. Көзіме жас үйіріліп кетті. Ауылға деген сағынышымды баса алмай өксіп жылап жібердім. Көңілім құлазығанда, сырымды айтып мауқымды басатыным сол Татюшам болатын. Соған қарай тұра жүгірдім. Бұл кезде екеуміздің арамыз жақындай түскеніне алты айдың жүзі болып қалғанды. Татюшам болса, күннен – күнге құлпырып толықсып көрікті боп көріне берді. Менде болса «ол тек қана менікі» деген ой пайда болып, қызғанатынды шығардым. Қызғанышым сонша тіпті оны өз байы өзімнің командирімнен де қызғанатынды шығардым. Кейде командиріммен терезем тең дəрежеде сөйлесетін болдым. Татюшаға кəдімгі қазақы менталитетіме басып бұйыра сөйлеп, дауысымды көтеріп, тіпті жекіп тастайтын болдым. Иттен де, биттен де қызғана бердім. Бөлімшеден өз еркіммен шығып кез – келген уақытта кіріп келетінді шығардым. Командирім бөлім кезекшесі болған түні, күнімен – түнімен қасында жатып қалатынды шығардым. Қатты өзгердім, өзгергенде де өзімді – өзім танымайтындай дəрежеде өзгердім. Ал Татюшам болса менің көңіл – күйіме қарап, еркелейтін болды, кейде итеріп жіберетінмін. Тау халқы дегенге қатты қорықса керек, кейде екі көзі жəудіреп, айтқысы келгенін айтуға бата алмай тұрғанын сезетінмін. Осылай күндер өтіп жатты.

Vanusepiirang:
18+
Ilmumiskuupäev Litres'is:
22 jaanuar 2022
Kirjutamise kuupäev:
2021
Objętość:
17 lk 1 illustratsioon
Õiguste omanik:
Автор
Allalaadimise formaat:
Audio
Средний рейтинг 4,8 на основе 121 оценок
Audio
Средний рейтинг 4,1 на основе 1104 оценок
Audio
Средний рейтинг 4,6 на основе 1130 оценок
Mustand
Средний рейтинг 4,5 на основе 26 оценок
Tekst
Средний рейтинг 4,9 на основе 47 оценок
Audio
Средний рейтинг 5 на основе 19 оценок
Audio
Средний рейтинг 4,9 на основе 32 оценок
Audio
Средний рейтинг 4,6 на основе 159 оценок
Tekst, helivorming on saadaval
Средний рейтинг 4,7 на основе 1979 оценок
Tekst
Средний рейтинг 4,9 на основе 163 оценок
Tekst
Средний рейтинг 4,5 на основе 2 оценок
Tekst
Средний рейтинг 0 на основе 0 оценок