Білім беру аймағындағы конфликтология

Tekst
Puudub laos
Märgi loetuks
Teatage, kui raamat jõuab müügile
Kuidas lugeda raamatut pärast ostmist
  • Lugemine ainult LitRes “Loe!”
Raamatu kirjeldus

Оқу құралы конфликтология бойынша сабақ жүргізу үшін және білім алушы – бакалаврлар, магистранттар тарапынан өз бетінше зерттеуге арналған теориялық, әдіснамалық және практикалық материалдардың толық курсы. Тақырыптардың кең ауқымы: тұлғаішілік, тұлғааралық, этносаралық және саяси конфликтілер мәселелерін кеңінен қамтыған. Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға арналған.

Täpsemad andmed
Vanusepiirang:
0+
Lisatud LitResi:
30 oktoober 2017
Kirjutamiskuupäev:
2016
Maht:
240 lk. 19 illustratsiooni
ISBN:
978-601-04-2157-8
Copyright:
КазНУ
Sisukord
"Білім беру аймағындағы конфликтология" — loe veebis tasuta üht katkendit raamatust. Kirjutage kommentaare ja ülevaateid, hääletage oma lemmiku poolt.
Tsitaadid 2

7. Әлеуметтік-еңбектік конфликтерді шешу және реттеудің негізгі тәсілдерін атаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Толкунова В.Н. Трудовые споры и порядок их разрешения: учеб. пособие. – М., 1997. – С. 24-68. 2. Конов В. Возрастающая ответственность государства // Российский экономический журнал. – 1998. – № 3. – С. 3. 3. Меньшикова О. Заработная плата или «пособие по труду» // Вопросы экономики. – 1998. – № 1. – С. 74. 4. Мониторинг // Социологические исследования. – 1997. – № 5. – С. 154157. 5. Ослом А.А. Хроника пикирующего общества // Социологические исследования. – 1997. – № 8. 6. США: Государство и рынок. – М., 1991. – С. 51. 7. Чумиков А.Н. Управление конфликтом и конфликтное управление как новые парадигмы мышления и действия // Социологические исследования. – 1995. – № 3. – С. 52-53. 8. Экономические и социальные перемены. Мониторинг общественного мнения. Информационный бюллетень. – М., 1998. – № 1. – С. 27.

0autoreg1176641538

төлеу, балалар үйі мен мүгедектер үйін қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды жасау, бюджеттік институттар (ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет институттары) мен ұйымдарды қаржыландыру, сондай-ақ билік пен кәсіпорын иелері, өндіріс пен тұтыну арасындағы қарым-қатынас және т. б. Даму барысындағы әлеуметтік-еңбектік және әлеуметтік-экономикалық конфликтер әлеуметтік-саяси конфликтіге айналуы мүмкін. Мысалы, таза экономикалық себептерге байланысты туындаған ірі кәсіпорын немесе бүтін бір сала жұмысшыларының ереуілі үкімет пен президенттің қызметтен кетуін талап ететін саяси акцияға өзгеруі мүмкін. Әлеуметтік-саяси конфликт – саяси қарым-қатынасты қозғайтын және (немесе) оны шешу үшін саяси әдістер мен тәсілдерді қолданатын кез келген әлеуметтік конфликт. «Әділдік» ұғымы әлеуметтік-еңбектік қарым-қатынастың бар жиынтығын безендіреді. Материалдық игілікті әділетті түрде үлестіру «қазір және осында» атқарылған жұмыс төлеуімен ғана шектелмеуі қажет. Әлеуметтік-еңбектік конфликтер жұмысшылардың қандай да бір категориясының еңбегі жиі қоғам тарапынан сұранысқа ие болмауынан немесе дұрыс ұйымдастырылмауынан туындайды, нәтижеде адамдар өздеріне тәуелді емес себептерге байланысты «кедей» адамдар категориясына енді. Материалдық ресурстарды үлестіру кезінде алдын ала атқарылған жұмыс та ескеріледі, мысалы, зейнетақыға шыққан жұмысшылардың еңбегі. Қоғамдағы экономикалық ресурстардың жетіспеушілігі, оған түрткі болған әлеуметтік конфликтер мәселелердің бір-бірімен өзара байланысты екі тобына қатысты. Бірі өндіріс саласында, екіншісі үлестіру саласында болады. 1. Ресурстарды үлестіру үшін, алдымен оларды иелену керек. Соған орай, ресурстарды үлестіру мүмкіндіктері белгілі бір уақыт бойы қоғамда туындаған (жалпы ұлттық өнім) материалдық игіліктердің санына және қоғамның әрбір мүшесінің ресурс көлеміне (жан басына шаққандағы табыс) байланысты болып келеді. Нәтижеде аталған көрсеткіштер шикізаттың болуы, жұмыс күшінің саны мен сапасы, өндірістің технологиялық деңгейі және өндірісті басқару жүйесінен туындайтын қоғамдық өндірістің нәтижелілігіне байланысты болады. Сондай-ақ ресурстардың жетіспеушілігі қоғамдық өндірістің төмен нәтижелілігіне, қоғамдағы қажеттіліктің жоғары деңгейіне де түрткі болуы мүмкін. 2. Ресурстарды үлестіру мәселесі біршама қиын мәселе болып табылады, себебі «әділеттілік» ұғымы бұл салада сансыз көп факторларға түрткі болады, олар, ең алдымен қоғамда қалыптасқан жүйенің типі мен жағдайына байланысты, мысалы, арзаншылық, икемділік, серпінділік, ашықтық және т.б. қасиеттерді білдіретін тиімділікпен байланысты, екіншіден, үлестіру және қызмет ету жүйесін қоғамдық бағалаумен байланысты, оның негізінде құқықтық және адамгершілік критерийлері (заңдылық, әділеттілік және т.б.) жатыр. Ресурстардың жетіспеушілігі кез келген, тіпті бай қоғамда да кездесетінін атап өту қажет. Сол себепті конфликтілік кез келген қоғамның әлеуметтік құрылымында объективті түрде негізі қаланған. Конфликтің диалектикалық теориясы тұрғысынан (К. Маркс, Р. Дарендорф және т.б.), қоғам – конфликтен тұратын қиын әлеуметтік жүйе. Қандай да бір қағидат бойынша біріккен әртүрлі әлеуметтік топтар (жүйе элементтері) қоғамның әлеуметтік ұйымын құрайды. Әлеуметтік құрылымдағы түрлі позицияларды атқара отырып, әлеуметтік топтар (әлеуметтік топтар, қауым) түрлі ресурстарды иелену мен тұтыну бойынша әрқилы мүмкіндіктерге ие. Сондықтан ресурстардың жетіспеушілігі, сондай-ақ оларды әркелкі және әділетсіз үлестіру қоғамдағы әлеуметтік конфликтің негізгі себептерінің бірі болып табылады: жетіспейтін ресурстар қаншалықты әркелкі үлестірілсе, соншалықты

0autoreg1176641538

Отзывы

Сначала популярные

Оставьте отзыв