Loe raamatut: «Қанжар», lehekülg 4

Font:

Команда шаттл құлаған үңгірге үш топқа бөлініп: Бекнұр мен Вероника бірге, Ардо және Дэмиан бөлек – бөлек жақындады (Олай жақындаудың себебі бар, және оның неге содай екенін айта алар едім, бірақ ол туралы көп жаза беретін болсақ, онда кітап барлығына тез жалығып кетер еді).

– Қалай ойлайсыңдар, ұшқыштың отыратын орны біздің ұшақтардағыдай деп ойлайсыңдар ма? – әңгіменің бірінші болып басын бастаған Ардо болатын.

– Егер шаттлдың құрылысына қарайтын болсақ, онда мен осы жерде деп айтар едім. – топтың ішіндегі ұшқыштық тәжірибесі ең көп адам ретінде Дэмиан кеменің белгілі бір бөлігіндегі бөлігін көрсетті.

– Сен оған сенімдісің бе? – әрине егер осындай сұрақ қоймаса, Вероника Вероника болмас еді.

– Екеуміздің ішінде кім әрі ұшқыш, әрі авиатехник, соны айтшы маған, а? Мен сенің бағдарламаларыңа тиіспеймін ғой! – кеме ішіне кірер бетін іздестіруге қарамастан Дэмиан өзінің қарсыласына жауап қайтаруды ұмытпады.

– Я, сен солардың ішінен бірдеңе түсінетіндей айттың ғой. Коледжде оқығандығың туралы білемін, бірақ бұл жатғаламшарлықтардың кемесі екенін ұмытпарсың. Менің саған күмәндануыма әрине себебім бар. – екеуінің арасындағы ұрыста екеуі де ешқашан дұрыс еместігін мойындамайды, және ең жаман жері екеуінің де келтіріп отырған дәлелдерінде өздерінің астында негіздері бар.

– Егер маған сенімің жоқ болса, онда өзің іздеп көрсең болады. – бұл жолы да екеуі де бір – бірінен ұтылғысы келмеді

– Сенің ойыңша мен не істеп жатырмын. – егер Веронканың қолындағы дивайсты қарайтын болсақ, онда оның бетінде қандайда бір бағдарламалардың көмегімен қандайда бір алгоритмдер бойынша қандайда бір геометриялық параметрлер есептеліп жатырғанын көруге болар еді.

– Мен таптым – кірер тесікті екеуінен бұрын Ардо ашты. Я, ол кірер тесікті тапты. Нақтырақ айтсақ ол кеменің сынып құрған бөлігін қаттырақ ашып жіберді.

– Хм. Қызық екен. Бұл шаттлдардың бетінде тым құрыса сызат қалдыру үшін ең кем дегенде танкке қарсы артелериялық снаряд керек. Ал сен болсаң оны жай қолыңмен қайырып жібердің. Сен не, қандай да бір халксың ба не?? – Дэмиан мен Вероника (осындай жағдай екеуі үшін мың жылда бір рет болатын шығар) бірге сұрақ қойды.

– Хмм. Екеуің қос ғашық сияқты … – осыдан кейінгі сөйлемнің соңын Ардо айтылып та үлгерген жоқ.

– Біз ғашықтар емеспіз – бұл жолы да (бүгін не, қандай да бір ғажайыптарға толы күн бе не?) екеуі бір уақытта сөздің бетін қайтарып жіберді.

– Жарайды, жарайды. Сендердің айтқандарың болсын. Біз бә....

– Вероника, сен ішкі системаға кіре аласың ба қарап көр. Дэмиан, сен біздің ұшқыштың шаттлдың қандай бөлігінде болуы мүмкін екендігін анықта. Ардо, сен бұл тесікті қалай кеңейткеніңді айтып бер. – бүгіндікке Ардоны да екінші рет сөзінің ортасынан бөліп тастады.

– Өзім де білмеймін. Мен тек тесіктің ішінде мүмкін қандай да бір тұтқа немесе сол сияқты тағы бірдеңе бар ма екен деп қолымды салып едім. Бір уақытта бух – бах – және содан кейінгіні өздерің де көрдіңдер. – шынында да бұның қалай болғанын оның өзі де білмейді.

– Оны кейін анықтай жатармыз. Бізге қазір ол маңызды емес. – әдеттегідей қысқа жауап.

– Бекнұр. Бұл шаттлдың жүк салатын бөлігіне ұқсайды. Бірақ оның іші бос. Не тасыса да, қазір ол ішінде жоқ. Және менің ойымша бізге кірер «есікті» қалдырып кеткен де сол зат деп ойлаймын. – шын мәнінде Дэмиан дұрыс тапты, бірақ егер оның не екенін білсе....

– Хмм. Қызық екен. Бұл жерде қандай да есік бар деп айтпас едім. Бізге не дегенмен басқа кірер есік табу керек. – Вероника да өз пікірін айтты.

– Мхм. Шынымен ба. Онда мынау не. – бірақ ол қателесті.

Шын мәнінде егер де оның орнында кез келген басқа адам болса, олар да есікті таппас еді. Дэмиан екі секцияның ортасындағы есікті ашатын пернені абайсызда басып жіберді.

– И – я. Сен сол жерде есікті ашатын перне бар екенін біліп басқан сияқты болып айтасың ғой.

– Не дегенмен де ең маңыздысы менің арқамда тапық қой. Ал оның әдейі ме, кездейсоқ па, оның қандай қатысы бар. Негізі, егерде сені тыңдасақ, онда біз басқа тесікті іздеумен қаншама уақытты босқа құртар едік.

– Жарайды. Егер бұның барлығы сенің арқаңда болса онда сен мүмкін бізге есікті ашып бересің, а?! – есік тек қана 3-5 сантиметрге ғана ығысқан болатын.

– Бұл тіпте қиын емес. Оны қазір біз үшін Ардо ашып береді. Қане, алға, халк!

– Біз оны мен жасамағанымызды түсінген сияқты едік қой.

– Егер қалай ашу керек екендігін білмейтін болсаңдар кеменің басқа жерлерін қараңдар.

– Жарайды. Ардо, Бекнұр, қане, бері келіңдер. Үшеулеп көрейік. Егер үшеуімізге берілмесе, онда басқа жақтарын қарауға тура келеді. – үшеуі бірігіп есіктің қабырғасынан тартты.

Басында есік берілмеді. Содан кейін ішінен шөлмектің сынған ұқсас бір дыбыс шықты да, есік лезде ашылды да қалды.

– Ұшқыш отыратын кабинаға ұқсайды. Бірақ қазір бірдеңені анық айтуға болмайды. Не дегенмен де ең алдымен бізге ішін тым құрыса адам кіре алатындай ету керек. – бөліктің іші шынымен де адам кіре алмайтындай болып тұр: ең алдымен, есік ашылған бойда үстінен қандай да бірдеңе құлап түсті, және одан кейін де (өте қысқа уақытта) дыбыс жалғасқанына қарағанда, бұл жалғыз өзі құламады деп айтуға болады.

Бекнұр, Ардо, Дэмиан үшеуі бірігіп, екеуі бір бөлшегі құлаған заттарды өздерінің ыйықтарымн көтеріп, тірі кіреберіс жасап тұрған кезде, үшіншісі ішке қарай кіріп, аяқ астындағы заттарды алып тастап, екеуінің біреуі босауы үшін орнына ұзындау затпен тіреп, одан кейінгі бір бұрышы құлап жатқан затты өзі тіреп, ары қарай кіре берісті жалғастырып тұрды.

– Ура – а – а. Таптық. Бекнұр, Дэмиан, кішке көбірек күш салып жіберіңдер. Мен қазір оны шығарып алайын. – қалыңдығы бір дәптердің бетіндей беткі ауданы 1 метр шаршыға жетер жетпес объектіні ысырып жатқан кезде Ардо жатғаламшарлықтардың экзокостюмінің басын көріп қалды.

– Қане. Бір. Екі. Үш. Яп.

Екеуі күш салып көтеріп жатырған кезде Ардо экзокостюмді тартып шығарып алмақ болды, ал Вероника болса оған артынан көмек көрсетті. Екеуі оны шығарып жатырған кезде костюм біртүрлі дыбысар шығара басады, алайда ол барлығының құлағына да ілінбеді, өйткені қазір ешкім оған көңіл аудара алмады.

Он бесінші бөлім: Ішінде

Экзакостюм кеме ішінен сыртқа шығарылғаннан кейін Ардо қалған екеуіне кеме ішінен шығуға көмектесті.

– Менің білуімше бізде аспандағылар бірдеңе дұрыс емес екендігін түсінгенге дейін шамамен әлі жеті минуттай бар, ал олардан біреу ұшып келгенге дейін әрі кеткенде дегенде жарты сағаттай бар. Мына жексұрынды таптық. Енді бізге қалған уақыт ішінде оны көлікке тиеп, базаға апару керек. Ал оған бізде уақыт жетеді. Не дегенмен де, бұл жолы бәрі мен ойлағаннан да оңай болып шықты.

– Сен неге олай дейсің. Сен білесің бе, егер сен олай айтсаң, міндетті түрде бірдеңе дұрыс емес жүреді.

– Сен білесің ғой, мен ондайға сенбеймін.

– Сенсең де сенбесең де, ол бәрібір солай болады.

– Я – я. Қане, мынаны маған апаруға көмекте … – арғы жағы айтылмай қалды, себебі Дэмиан костюмнің екі қолынан көтерген кезде, оның бір қолы бөлініп кетті.

– Мүмкін емес. Мұмкін емес. МҮМКІН ЕМЕС!!! – бұл Дэмиан үшін ауыр соққы болды.

– Жарайды. Оның ішінде қандай маңызды бөлшектер бар екендігін қарауыз керек. – Вероника бәрінің ойын басқа бағытқа аударуға тырысты.

– Оның енді қандай маңызы бар. Егер саған шынымен керек болса, онда бәрін жүктеп алып, орталыққа алып кетіп ақтарсаң болады. – Дэмиан түңеліп кеткен (оны қалай жауап бергенінен байқауға болады).

– Алып кетуге болар еді, бірақ болмайды. Мен сендерге қайталап айтамын, ең алдымен сақтық керек. Бірінші кезекте бізге дыбыстық және бейне жазғыш аппараттардың жоқ екендігіне көз жеткізуіміз керек. Мен геолокациялық анықтағыш пен жарылғыш заттардың болуы мүмкін екендігін айтып отырған да жоқпын.

– Жарайды. Бірақ егер ештеңе шықпаса, онда ең көбі – уақытша орталыққа апарамыз.

– Не дегенмен де, жоқтан жақсы.

Барлығы келіскеннен кейін үш жігіт костюмді бұзуға кірісті. Нақтырақ айтқанда бұзуға тырысты. Экзокостюмнің де, роботтардың да сыртқы каркасы бір біріне өте қатты бекітілген және сыртқы беті аса төзімді болып келетін. 2 – 3 минуттан соң барлығы қол сілтеуге дайын уақытта Ардо соңғы рет бір көрейін деп фитингтерді алып, оның ұшы сиятын бір тесікке тығып, қаттырақ сілкіп жіберген де беті жайнап кете берді

– Берілгендей болды. Қане бері келіңдер, үшеулеп көрейік.

Костюмнің төс бөлігін ашқан кезде ішінен ешқайсысы ойламаған нәрсені тапты: костюмнің ішінде адамның басымен бірдей бүкіл бетінде ішімен жалғасып жатырған көпбұрышты «ыдыс» бар. Сол ыдыстың ішінде желе сияқты сұйықтық бар. Егер де оған жақсылар қарайтын болсақ, онда оның ішінде жыбырлаған құртқа ұқсайтын, бірақ құрт емес кішкентай ғана «мұрттарды» көруге болады.

– Қалай ойлайсыңдар, біздің жатғаламшарлық «қонағымыз» осы ма екен? – Дэмиан үшін осы ыдыстың ішіндегі тіршілік иесі осыған дейінгі түсірінкі көңіл – күйін көтеруге жеткілікті болып шықты.

– Шынымды айтсам, білмеймін. Бірақ, егер оларды ешкімнің әлі күнге дейін көрмегенің ескеретін болсақ, онда олардың осындай болуы мүмкін. – Ардо «оған» бір қызығушылықпен қараумен болды.

– Не болса о босын, бірақ ол өліп бара жатырғанға ұқсайды.

– Сен оны қалай біліп қойдың.

– Егер де дұрыстап қарайтын болсаңдар, онда сендер мына ашық тұрған жеріне жақын орналасқан мұрттарының өзге аумақтағыларына қарағанда басқаша әрекет жасауын көрер едіңдер. Оған қоса дәл сол аумақтағы денесі кеуіп бара жатыр. – Бекнұр топқа өзінің бақылауымен бөлісті.

– Демек оның орталыққа жетпеу өліп кетуі мүмкін екендігін ескеруіміз керек. Тіпті егер ол оған дейін өліп кетпейтін болса да, сақтықта қорлық жоқ деген бар. Қосалқы жоспарға көшуге тура келіп тұр.

Бекнұр өзінің ішкі қалтасынан кішкене бір құтыны шығарып, оның ішіндегі сұйықтықты ыдыстың ашық бөлігі арқылы ішіне құйып жіберді.

– Шынымды айтсам бұның оған соншалықты күшті әсер етеді деп ойламаған едім. Сен жазып алдың ба?

– Я.

– Онда тек оны жіберу ғана қалды. – оң жауапты естігеннен кейін Дәмианың ыйығынан тас түскендей сезінді

– Мен саған жаңа ғана не айттым. Олай айтпа! Сен не, қайтадан жамандақ болғанын қалайсың ба?!

– Олай асыра айтпашы. Бұл жерде менің кінәм жоқ. Тіпті негізі егер мен олай айтпасам да бәрі осылай болар еді. Менің сөзімнен бүкіл бір тіршілік түрінің анатомиясының әп сәтте өзгеріп кетуі мүмкін емес қой.

– Сенімдісің бе. Жарайды. Жібердің бе.

– Жіберу мүмкін емес. – Вероника камераны дорбадағы құрылғыға кабель арқылы жалғап қойған

– Мен саған не айттым. Керемет! – Ардоның бетінен «мен айттым емес пе?!» деген сөзді оқуға болады.

– Сайып келгенде, оның ешқандай қатысы жоқ. Желі шаттлға шамамен 30 метрге жақындағанда ажырап кетті. Бірақта егер мен биіктікке шығатын болсам, онда желі қайтадан қосылу керек деп санаймын.

– Жақсы. Онда шынымен де бәрі оңай болып бара жатыр.

– Тыныш. Ештеңе естіп тұрған жоқсыңдар ма? – Ардо айналасына күдікпен қарай бастады.

– Я. Мен де бірдеңе естігендей болдым. – оған Бекнұр да қосылды

– Тығылыңдар. Анда 3 робот келе жатыр. – бір кезде жоғарырақ шығып бара жатырған Вероника шаттлдың артына қарай секіріп жіберді.

– А – а. – бір кезде Дэмианның дауысы естілді. Оның оң жақ бүйіріне плазмалы оқ тиген екен. Бірақ ол бір роботты атып құлатып үлгерген болатын.

– Радиатор немесе оның орнындағы не болсада, оның біздің жақта екенімізге рахмет айтыңдар. Әйтпесе бір нақты оқ, және бәріміз аспанға ұшар едік.

– Неге бәрі мен айтқанда кері кетеді, ал сен айтқанда олай болмаймайды.

– Өйткені мен ондайға сенбеймін, ал сен сенесің. Сондықтан да сенің сөзің сондай әсер берді.

– Екеуі екі жақтан келуі мүмкін. Сондықтан да дайын болыңдар. Ардо, сен сол жақтағыны өзіңе аласың, ал мен болсам оң жақтағыны аламын. Дэмиан, сен жағдайға байланысты екеуміздің біреуімізге көмек көрсетесің.

– Неге біртүрлі тыныш болып кетті? – Ардо өзінің алдыңғы жұмысына байланысты топтың ішіндегі ең құлағы ұшқыр мүшесі болып келетін.

– Тексеріске шықпай тұра тұр. Сен білесің ғой, олар осылай бұған дейін де алдамшы қадам жасаған болатын!

– Бірақ бұл жолы ондай қадам жасай алады деп ойламаймын. – осы кезде сол жақтан адамның даусы естілді.

– Лу Хао?! Сен мұнда не істеп жүрсің? – ең бірінші болып өзіне келген Вероника болатын.

– Я, я. Мен де ерте келгеніме қуаныштымын.

– Жоқ. Мен оны айтып отырған жоқпын.

– Мен сендерге керек екенімді білдім.

– Жарайды.

– Не де болса тағы бірдеңе болмай тұрған жағдайда барлық жазбаны тездетіп жіберу керек.

Он алтыншы бөлім: Дайындық

Шаттлдың жоғалғанынан кейін 4 сағаттан кейін барлық жатғаламшарлық станциялар қорғаныс режиміне ауыса бастады, және 10 минуттан кейін барлығы ауысып бітті.

12 сағаттан кейін жер бетінен әуеге шамамен оң мың шақты ұшақ ұшып шықты. Егер атмосферада 127 қосалқы және 2 негізгі станция бар екенін ескерсек, онда әрқайсысына орта есеппен алғанда 75 – 80 ұшақтан келеді. Ұшақтардың әрқайсысы сақтандырғыш күмбезден өту үшін орнатылған МИКМАК – пен қамтамасыз етілген.

Vanusepiirang:
12+
Ilmumiskuupäev Litres'is:
24 juuli 2022
Kirjutamise kuupäev:
2022
Objętość:
50 lk 1 illustratsioon
Õiguste omanik:
Автор
Allalaadimise formaat:
epub, fb2, fb3, ios.epub, mobi, pdf, txt, zip