Loe raamatut: «Қанжар», lehekülg 6

Font:

– С-7 болкағы аударма жұмыстары бітті ме? – бұл әйел адам аудармашылардың бірі болып келеді.

– Я бітті. Біздің алған деректерге сәйкес олардың бұрынғы ғаламшары этилформаттар тұратын ғарыш газымен қапталуына байланысты одан әрі өмір сүруге жарамсыз болып қалған екен.

– Ал қалған дискеттерде не бар екен?

– Дәл қазір біз тек олардың біздің ғаламшарға ғарыштық тунел арқылы ғана келгенін білеміз. Бірақ оның қалай пайда болғандылығы туралы ештеңе таппадық.

– Демек, оладың біздің ғаламшарға келуі кездейсоқ болуы да мүмкін бе сонда? – негізі осы қойылған сұрақ маған да қызық болып тұр, себебі жатғаламшарлықтардың архивтерінде тек олардың қайдан келгенділігі туралы ғана бар да, бірақ та қандай құрылғының көмегімен келе алғандылығы, қалай келгенділігі, және ең бастысы, неге дәл осы ғаламшарға келгенділігі туралы ешқандай да мағлұмат жоқ. Алынған ақпараттан олардың бізге келуі тек жәй ғана кездейсоқтық ретінде болған оқиғаға ұқсап тұр.

Жиырма төртінші бөлім: Қақтығыста

Айналамда барлығы қирап жатыр. Қолымда қалғаны – жалғыз ғана магнитті винтовка ғана. Импульсті гранаталардың барлығы аласа биіктікте ұшатын виджеттерді құлатуға кетті. Қалтамда қалған зарядталған оқтың саны шамамен 120 шақты. 25 – 30 өзін – өзі басқаратын андройдтар артымнан келе жатыр.

Осының ішінде ең жаманы – оң қолым виджеттің оғымен ұшып кеткені. Алайда, сол жақ бүйірімде бір жерден ұшып келген тастың үшкір бөлшегі бар екендігінен одан да жаман сияқты.

Егер мен оны алып тастасам, онда жараны жаба алмай қан жоғалтып өлемін. Ал егер алып тастамасам, онда ашық қалған жарадан замынын өлемін. Қалай болса да мен осы тықырыстан тірі шыға алмаймын.

Бірақ екінші жағдайда мен ұзағырақ өмір сүре аламын. Әрине, қалағандай ұзақ емес, бірақ қахарман жауынгерлердің өлімімен өлуге жеткілікті.

Жарайды. терең дем ал. Оң жақта артында тығылуға болатын тосқауылдар көбірек. Онымен қоса мишендер де аз болу керек. Дайындал. 1. 2. 3. Ал кеттік.....

Жиырма бесінші бөлім: Қылтимада

Қылтимадан жайқалып жатқан орманның керемет көрінісі байқауға болады.

– Осы жерден байқалатын көрініс әдемі. – қасыма Бекнұр келіп, шынтағын қылтиманың жақтауына қойды.

– Мен әлі ойлаймын, мүмкін баяғыдай өлілер қатарына тіркеліп қойылған шығар, ал шын мәнінде бір жерде қандай да бір құпия тапсырманы орындап жүрген болар. – алдымдағы көрініс туралы әңгіме айтуға ешқандай ынтам болмады.

– Әлі де сене алмай жүрсің бе?! Сен өзің дененің шын екеніне көзің жеткізген жоқсың ба? Тітпі, днқ тестін жасатқан болатынсың.

– Ия, білемін. Бірақ сонда да …

– Арамызда тек қана біреуіміз ғана мерт болғаны – үлкен сәттілік деп санаймын. Өзің білесің, бұл миссиядан ешқайсысымыз тірі қайтпауымыз мүмкін еді. Оны барлығымыз да түсінеміз.

– ....

– .... – я, солайы – солай. Мен де оны жақсы түсінемін. Бірақ әлі көне алмаймын.

– Екеуіңнің алғашқы күндердегі қарым – қатынастарың есіме түсіп кетті. Алғашқы күндері сенің топ басында болуыңа байланысты араларыңда біраз қақтығыстар болған.

– Ия. Айтпа. Тек Лу Вэнмен сөйлескен кейін ғана менің бұйырықтарымды тыңдай бастады. Ерте болған оқиғалар демекші, бір жағдай есіме түсіп кетті – арамызда болған бір оқиға есімізге түсіп кетті.

– Ол оқиғада сенің еш кінәң жоқ.

– Мен ештеңе деген жоқпын. – менің не туралы айтып тұрғаным екенін ол да түсінген болатын.

– Бірақ мен білемін, сен өзіңді әлі күнге дейін іштей кінәлап жүрсің. – біздерге бір – бірімізді түсіну үшін ештеңе айту қажет емес.

– Мен әлі күнге дейін ойлаймын, мүмкін сол кезде шыққан кезімде қандай да бір артымда із қалдырып қойған жоқпын ба деп.

– Бірақ ол кездейсоқ оқиға екені дәлелденген жоқ па. Сенікінен басқа сол аймақтағы тағы да үш бункер жойылған болатын. – осы оқиғаны одан кейін Бекнұр егжей – түкжейлі тексерген болатын.

– Солайы солай ғой, алайда …

– Саған тезірек өз – өзіңді кешіре алуыңды тілеймін. – кім не айтса, ол өзін әлі де кешірмеген болатын.

– Жарайды. Мен бірінші болып кеттім. – әлі де ол туралы біреумен сөйлесу оған ауыр тиеді екен.

Бекнұр астына қарай баратын басталдаққа қарай кетті. Барлық дәлелдер шынымен өліп қалды деп тұрса да, маған бәрі бір олай емес сияқты.

Жиырма алтыншы бөлім: Жаңалық

Соғыс бітті. Біздер енді ғаламшардың қахармандарына айналдық. Біздер қазір қорғаныстың жеке вилласындамыз. Я, қазір біздер лайықты демалыстамыз. Бүкіл әлем біздің жеңісімізді құттықтап жатыр. Ал бізге ертең арамыздағы біреуімізді жерлеу керек. Ешқайсысымыз арамыздан бірінші болып ол кетеді деп ойламағанбыз.

– Сен не туралы ойланып отырсың? – артымнан маған таныс дауыс естілді.

– Ертеңгі садақа туралы ойланып отырмын. – тіпті артқа қарамастан дауыстың иесін кім екенін айтып бере аламын. Ол – Вероника.

– Біздер екеуіміз туралы қашан айтамыз? – мойнындағы алқаға ілінген сақинаны сасағында кішкене айналдырып тұрды да, қайтадан төсіне тығып қойды.

– Жердеуден кейін айтайық. – ия, біздің бұйырса үйленеміз деген ойымыз бар. Бірақ ол туралы дәл қазір айту екеуіміз үшін де ыңғайсыздау.

– Жарайды. Мен бірінші болып барамын. Ал сен меннен кейін біраздан соң шық. Жарайды ма?

– Лу Хао. Сен нені іздеп жатырсың? Бәрі асында жиналып жатыр. Кешігіп қалма. – кетіп бара жатырып Вероника баспалдақтан оң жақта тұрған бөлмеге қарап, Лу Хаоны шақырып тұрған. Біраз уақыттан сон Лу Хаоның өзі де шыққан, бірақ оның түрі де, жүрісі де басқа жақта екендігін көрсетумен болды. Тіпті, баспалдақта сүрініп қалуға шақ қалған.

Жиырма жетінші бөлім: Қоштасу

Қылтимадан Лу Хаоны байқадым. Ол біреуді іздегендей болды. Мүмкін ол менің тірі қалғанымды білетін шығар. Тіпті егер білмейтін болса да, сезгені анық.

Егер Майманов болмаса онда менің тірі екендігім айқын болар еді. Ол маған, мен оған. Көмекке көмек демекші. Ол маған елес болуға, ал мен оған ол үшін кейбір қара жұмыстарды атқаруға көмектесемін.

Оң қолымның орнына биокибернетикалық имплант (былайша айтқанда ең соңғы технология сөзі деп айтуға болады) қойдырып берді. Егер ол болмаса маған жұмысымды дұрыс атқару қиынға соғар еді.

Я. Итті айтсаң құйрығы көрінер деген сөз бекерден бекер айтылмаған екен.

– Ия, алло? Жақсы. Я, нақты координаттары келді. Жақсы. Жоқ, керек болады деп ойламаймын. Жолда оқып аламын. Байланыс аяқталды.

Соғыс аяқталды. Бірақ біреуге одан кейінгі былықты реттеу керек.

СОҢЫ

(Келесі кітаптарымды author.today сайтынан іздеңдер)

Vanusepiirang:
12+
Ilmumiskuupäev Litres'is:
24 juuli 2022
Kirjutamise kuupäev:
2022
Objętość:
50 lk 1 illustratsioon
Õiguste omanik:
Автор
Allalaadimise formaat:
epub, fb2, fb3, ios.epub, mobi, pdf, txt, zip