Tasuta

Талап пен ақыл

Tekst
Märgi loetuks
Šrift:Väiksem АаSuurem Aa
 
Ұрлаған малың шығып, бергендей-ақ.
Орынсызды істеуге өлгенше ұял,
«Ұят күшті өлімнен» – дегендей-ақ.
 
 
Сабыр деген – әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан көп шығады адамшылық.
 
 
Сақтық деген – әр қашан байқап жүрмек
Пайда ма, не залал ма, ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
 
 
Ойменен, талаппенен болды сегіз,
Айтылмай енді қалды неменеміз?
Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы
Шығады осылардан түгел деңіз.
 
 
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан.