Tasuta

Көке

Tekst
Märgi loetuks
Šrift:Väiksem АаSuurem Aa

Асылбек: -Әділбек дамбалыңды шешіп маған беріп жіберші!

Әділбек: -Көке! Өзіңдікі бар ғой. Менікіне сыймайтын да шығарсың?

Асылбек (күлімдеп): -Дамбалыңды әдемілеп беремін. Бер енді.

Әділбек: -Қонаққа барамынба әдемі дамбал киіп?

(деп шешіп берді.)

Асылбек: -Қайда барсаң да болады

(деп қолына алып ары бері-қарады)

Асылбек (Нұрлыбекке қарап): -Сен де шеш.

Нұрлыбек: -Мен де барамын ба?

Асылбек:- Енді ше? Сені қалдырып кетеміз ба?

(Деп бір күлді)

Асылбек:-Ту иісін ай, туғаныңнан киіп жүрсіңдер ме?

(деп күлді).

Асылбек қайшы-пышағымен әр дамбалдан бірнеше жолақ жыртып алды да қайтарып берді.

Әділбек:- Көке, мынау қып-қысқа ғой. Сән дегенің осы ма?

Асылбек: -маған ұнайды!

Күлімдеп отыр, жолақтардан жіп өріп ағаш бұтақтарын жіппен байлап қақпан жасай бастады.

Нұрлыбек: -Көке, ертегі білесің бе?-

(деп есінеп жатыр.)

Асылбек: -Қазір, қақпанды бітіріп қалдым.

Нұрлыбек: -Айтып бересің бе?

Асылбек:-Айтып берейін.

Нұрлыбек:-Не туралы!

Асылбек:-Не туралы айтайын?

Нұрлыбек:-Апам Ер-төстік туралы айтатын. Соны білесің бе?

(деп қалғып кетіп барады.)

Асылбек (дайын қақпанды бір қарап шетке қойды да қастарына жатты):-Ал онда тыңдаңдар. Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде бір бай болыпты…

14-ші көрініс

Түс кезеңі. Үшеуі де жауынгердің киімін киген, бәрі де бір-бір ат мініп алған.

Асылбек: -Кім ең көп олжа тапса сол ең мықты мерген болады!

Ушеуі деп шауып жөнеледі. Садақпен аң аулап аулап жүр.

Бәрі де олжаларын алып бір жерге жиналады!

Асылбек: -Ал қараңдар!-

(деп ортаға қырғауылды тастайды).

Асылбек (Әділбекке қарап): -Енді сен көрсет!

Әділбек ортаға кішкентай сары тышқанды тастайды.

Асылбек (Нұрлыбекке қарап): -Енді сенікін көрейік?!

Нұрлыбек (мақтанышпен): -мынаны көрдіңдер ме?! –

(деп ортаға екі қоянды, екі қырғауылды тастайды).

Нұрлыбек:-Мен мергенмін! Мен мергенмін!

Асылбек: Мерген, болды енді, тұрсайшы!-

деп Нұрлыбекті ұйқысынан оятады. Әділбектің іші қатып аунап күліп жатыр. Асылбек те күліп жібереді. Бәрін түсінген Нұрлыбек те күле бастады.

15-ші көрініс

Асылбек (қалтасынан құртты алып үшке бөлді. Алақанына салып):- Алыңдар! Нұрлыбек сен бірінші ал.

Нұрлыбек ең үлкенін таңдап алды. Асылбек алақанын Әділбекке ұсынды. Әділбек қарап тұрды да ең кішісін алды.

Асылбек (оған қарап):-үлкенірегін алсайшы!.

Әділбек: -Сен кеше де ештеңе жеген жоқсың. Сен ал!

Нұрлыбек (сорып жатқан құртын аузынан алып):-менікін ал!

16-шы көрініс

Асылбек: -Ошаққа аздап отын салып отырыңдар. Қарап отырыңдар, өшіп қалмасын. Көп салмаңдар. Әлі қатты ызғар жоқ. Алда суық қыс бар. Түсінікті ме?

Әділбек: -Иә.

Нұрлыбек: -Көке, біз қорқамыз.

Асылбек: -Бері тыңдаңдар! Біреу-міреу келіп жатса бақырып жылаңдар. Қатты-қатты жөтеліңдер. Дәрі бар ма ағатай деп ойбайлаңдар. Сонда өздері қорқақ қояндай шауып жөнеледі.

Әлібек пен Нұрлыбек: (Жөтеле бастайды). Ағатай дәрі бар ма!

деп күле бастайды.

17-ші көрініс

Асылбек олжасымен үйге қайтып келді. Көңілі көтеріңкі.

Қолында екі қырғауыл. Інілері қасында қуанып секіріп жүр. Садақтарын алып қырғауыл атып жүр.

18-ші көрініс (150 секунд)

Асылбек құрған қақпанына келе жатыр. Қақпанының қасында есек жетектеген арба тұр. Арбаның қасында 60 асқан шал тұр. Шал қақпаннан қоянды алып жатыр.

Асылбек: -Тоқта! Бұл менің қақпаным!-

деп жүгіріп келді.

Шал:-Балам, кешір. Ала ғой. Аштық адамды не істетпейді.

Өмірім де ұрлық жасап көрмеп едім. Алла-тағала кешіре гөр. Үш күн болды нәрсіз жол кешіп келеміз, балам.

деп көзінен жас шығады.

Мадина: ата, ата !

деп жылай кетеді.